Жобалар

 «JAS NOMAD»

Мақсаты: Хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру, жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру.

Міндеттері:
1) Бағдарламаны әзірлену және енгізу – 2020 ж. шілде-тамызы;
2) Мамандарды қайта даярлау – 2020 ж. қыркүйегі – 2021 ж. сәуірі;
3) Мамандарды аттестаттау – 2021 ж. мамыры.

Сипаттама: Бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің физикалық, ақыл-ой, эмоционалды және танымдық қасиеттерін кезең-кезеңмен дамыту қағидаттарын және ұйымдастырушылық, жаттығу және жарыстық іс-әрекеттің барлық аспектілерін қамтитын болады. Бағдарлама барлық БЖСМ мен хоккей бөлімдері үшін міндетті болады – бұл бапкерлердің, әдіскерлердің негізгі жұмыс құжаты.

«Jas Nomad» РХДБ құрылымы
1) Пайымы мен негізгі қағидалары.
2) Қақпашыларды даярлау бойынша практикалық нұсқаулық.
3) Жас топтарының жаттықтырушыларына арналған практикалық нұсқаулық (әр жас бойынша):
- негізгі қағидалар;
- мұздағы жаттығу;
- жердегі жаттығу;
- оқу жоспарлары;
- жоспар-конспектілер.

Серіктестер:
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі;
- Ресейдің хоккей федерациясы.

 «SÁLEM HOKEI»

Мақсаты:  Балаларды хоккеймен таныстыру

Міндеттері:
1) Бағдарламаны әзірлену және енгізу – 2020 ж. шілде-тамызы;
2) Енгізу – 2020 ж. тамызы-қыркүйегі.

Сипаттама: «Демалыс күнгі хоккей» іс-шараларын, турнирлер мен «Crossice», «Веселые старты» фестивальдерін ұйымдастыру және өткізу, шеберлік сағаттарын, ашық жаттығулар өткізу, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Хоккей сабағы» бағдарламасын («Хоккей деген қандай ойын?», «Хоккейдің атрибуттары», «Хоккейдегі рөлдер», «Бапкер деген кім?») ұйымдастыру.

Серіктестер:
- ҚР Білім және ғылым министрлігі;
- Демеушілер.

 «ДЕМАЛЫС КҮНГІ ХОККЕЙ»

Мақсаты: Балаларды хоккейге тартуға қосымша мүмкіндіктер жасау.

Міндеттері:
1) Бағдарламаны әзірлеу және енгізу – 2020 ж. шілдесі;
2) Енгізу – 2020 ж. тамызы - қыркүйегі.

Сипаттама: Демалыс күндері хоккей мектептері мен клубтарының ареналарында мұзда тегін жаттығулар мен жабдықтарды жалға беруді ұйымдастыру.