Партнеры

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы — Қазақстанның ұлттық әл-ауқатын арттыру және ел экономикасын жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізу мақсатында құрылған инвестициялық холдинг. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Ұлттық компанияларды мемлекеттік бақылаумен бірыңғай холдингке біріктіруді бастама етіп көтерген ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ тұтас компаниялар тобынан халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды іске асырады. Қордың қызметі мемлекеттік органдардың, ҚР үкіметі мен қоғамдық және әлеуметтік саясат саласындағы сарапшылардың ықпалымен жүзеге асырылады. Корпоративтік қордың қайырымдылық жобаларының әкімшілері үкіметтік емес ұйымдар болып табылады.
«ҚАЗАҚПАРАТ» ХАА – Қазақстанда бірінші болып халықаралық деңгейдегі дәрежені (Халықаралық ақпараттық агенттік – ХАА) алған жетекші мемлекеттік ақпараттық агенттік. Медиа-агенттік 100 жылдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғам тыныс-тіршілігінің басқа да маңызды салалары туралы сенімді және жедел мәлімет тарататын беделді ақпарат көзі болып келеді.

«Қазақпараттың» көмегімен ҚР Президенті Әкімшілігінің, Парламентінің, Үкіметінің, өңірлік билік органдарының, ұлттық қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдар қызметі туралы ресми ақпарат тарайды. Агенттіктің жаңалық материалдары қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде www.inform.kz web-порталы арқылы таратылады.

Бүгінде қазақстандық жаңалық интернет-ресурстары рейтингісінде «Қазақпарат» TOP-10-ға кіреді. Порталға тәулігіне орта есеппен 100 000 қолданушы кіреді. Қолданушылар географиясы әлемнің 229 елін қамтиды. Агенттік қызметінің жоғары нәтиже көрсетуіне журналистика саласындағы үздік дәстүрді ұстануы, сапалы контент құрудағы жаңашыл көзқарастары, жетілдірілген технологиялық базасы және кәсіпқойлар командасының берекелі жұмысы ықпал етіп отыр.

2017 жылы «Қазақпарат» «SPORTINFORM» спорттық ақпараттық агенттігін sport.inform.kz ашып, оны жұртшылыққа таныстырды.